Наименование тем, их содержание

Список курсов


Наименование темыСодержание темыЧасы
1Латын графикасының қалыптасу тарихыЛатын графикасының қалыптасу тарихы0
2Латын әліпбиіЛатын әліпбиі0
3Түркі әлеміндегі латын графикасының қолданылу аясыТүркі әлеміндегі латын графикасының қолданылу аясы0
4Латынға негізделген әліпби жобасының тарихы және оның ғылыми негізіЛатынға негізделген әліпби жобасының тарихы және оның ғылыми негізі0
5Қазақ графикасының тарихы,бүгінгісі, болашағыҚазақ графикасының тарихы,бүгінгісі, болашағы0
6Қазақ әліпбиінің тарихыҚазақ әліпбиінің тарихы0
7Әліпби.ГрафикаӘліпби.Графика0
8Латын графикасына негізделген қазақ жазуыЛатын графикасына негізделген қазақ жазуы0
9Латын графикасы негізіндегі қазақ тілін қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдеріЛатын графикасы негізіндегі қазақ тілін қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері0
10Қазақ тілін қашықтықтан оқытудың жалпы дидактикалық ұстанымдары мен заңдылықтарыҚазақ тілін қашықтықтан оқытудың жалпы дидактикалық ұстанымдары мен заңдылықтары0
11Жаңа әліпбиді проблемалық әдіс арқылы үйрету тәсілдеріЖаңа әліпбиді проблемалық әдіс арқылы үйрету тәсілдері0
12Қазақ графикасын инновациялық технологиялар арқылы үйретудің тиімді жолдарыҚазақ графикасын инновациялық технологиялар арқылы үйретудің тиімді жолдары0
13Латын графикасы негізіндегі қазақ тілін қашықтықтан оқытудың әдіснамасыЛатын графикасы негізіндегі қазақ тілін қашықтықтан оқытудың әдіснамасы0
14Қазақ тілін қашықтықтан оқытудың теориялық аспектілеріҚазақ тілін қашықтықтан оқытудың теориялық аспектілері0
15Қазақ тілін қашықтықтан оқытудың ұғымдық, технологиялық және әдістемелік аспектілеріҚазақ тілін қашықтықтан оқытудың ұғымдық, технологиялық және әдістемелік аспектілері0
16Қазақ тілін қашықтықтан оқытуда коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру жолдарыҚазақ тілін қашықтықтан оқытуда коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру жолдары0

Лектор: Айтбаева Бақыт Манатқызы


БАҚЫТ МАНАТҚЫЗЫ АЙТБАЕВА - қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты.190-нан астам ғылыми мақалалардың, 8 электронды оқулықтың, 12 оқу құралының, 3 жұмыс дәптерінің, 4 монографияның, 1 мультимедиялық үйретуші бағдарламаның авторы. Түркия елінің Юнус Эмре инситутында тағлымдамадан өтіп, «Тілдерді үйрету әдістемесі» атты курсқа қатысып, сертификат алды. Ресей Федерациясы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті халықаралық білім беру орталығында біліктілігін жетілдіру мақсатында 72 сағат көлемінде дәріске қатысып, тағылымдамадан өтті, куәлік алды. Қытай Респубикасының Сзыянь университетінің профессоры С.Битимханның дәрісіне қатысып, сертификат алды. 2014 жылы Дюссельдорф институтында(Германия) халықаралық ғылым және білім беру орталығында тағылымдамадан өтті. 2012 жыл Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Зерде» тілдерді дамыту жөніндегі инновациялық орталығы «Мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық технологиялары» атты оқытушылардың біліктілігін арттыру курсына қатысқандығын растайтын сертификат алды. 2005 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындары мемлекеттік тіл оқытушыларының республикалық кеңесіне, қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесін жасау және оқыту әдістемесін әзірлеу мәселелері жөніндегі республикалық семинар–кеңеске қатысты. Мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы құрған жұмысшы тобының құрамында болып, тест тапсырмаларын дайындады және қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша тіл білудің 6 деңгейіне құрастырылған тест түріндегі тапсырмаларды сараптаудан өткізу жұмыстарына сарапшы ретінде қатысты.2006 жылдың сәуір айында Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған мемлекеттік тілді жеделдетіп жұмыстан босатып оқыту конкурсына қатысып, мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілі курсын жүргізіп, бағдарламасын дайындады. 2007 жылдан бастап Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөндегі басқармасы Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшесі. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы өткізген «Мемлекеттік тілді оқытудың медиа-сабақтары» фестивалінде бас жүлде алды. 2009 жылы сәуір айында Қарағанды облыстық Тілдерді дамыту басқармасы Тілдер орталығы ұйымдастырған ІІ облыстық медиа-сабақтар фестивалінде бас жүлде иегері болды. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде көптілді білім беруді енгізудің 2008-2012 жылдарға арналған Ережесін құрастырушылардың құрамында. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Қазақ тілін оқыту әдістемесін енгізу үшін даярланатын оқу-әдістемелік кешендер» мемлекеттік жобасына қатысты.Тілдік білімді бағалаудың халықаралық стандарттары үлгісінде жасалып жатқан қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесінің оқыту әдістемесін енгізу бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу конкурсына (тендеріне) түскен жұмыстарды сараптау жөніндегі Республикалық комиссия мүшесі (Астана, 2006 ж., тамыз). 2006-2009 ж.ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары қазақ тілін білу деңгейін бағалау үшін тест тапсырмаларын дайындайтын топтың мүшесі (Астана, 2006 ж., қыркүйек).2010 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жас ғалымдар грантының иегері.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі магистратураға,PhD доктарантураға, бейіні бойынша доктарантураға түсу емтихандары мен кандидаттық емтихандардың пәндері бойынша тест тапсырмаларын сараптау жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамында болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы №332 бұйрығына сәйкес өткізген кешенді тестілеуде тілдер бойынша апелляциялық комиссия төрағасы. 2007 жылы Қазыбек би ауданының саяси-әлеуметтік өміріне белсене қатысқаны және жоғары білікті мамандар дайындауға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің, 2010 жылы Қарағанды қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін қала әкімінің және 2013 жылы облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды. 2012 жылы “Академик Е.А.Бөкетов ат.ҚарМУ 40 жыл” мерейтойлық медалімен марапатталды. 2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің “Тіл жанашыры” сыйлығының “Үздік оқытушы” номинациясының иегері атанды. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “ЖОО Үздік оқытушысы”грантының иегері атанды. 2018 жылы Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскерінің 25 жылдық мерейтойы кеуде белгісімен марапатталды.